Сағынтаев: Кемероводағы трагедия бізге сабақ болуы тиіс

0
1 128

​ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласында болған алапат өрттен кейін ішкі істер министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .


Сағынтаев: Кемероводағы трагедия бізге сабақ болуы тиіс

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласында болған алапат өрттен кейін ішкі істер министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

"Біз де бұл төтенше оқиғадан сабақ алуымыз керек. Қазірдің өзінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Блогерлер өздерінің бастамасымен сауда орталықтарына барып, есіктердің ашық-жабық екенін тексеріп жүр. Сол себептен Ішкі істер министрлігі мен өртке қарсы қызмет әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеріс жүргізіп, тиісті шараларды қолға алуы қажет", — деді Сағынтаев.

Премьер-министр қоғамдық орындардың қауіпсіздігін бақылауды бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырды.

Еске салып өтсек, Кемереово қаласында 25 наурыз күні алапат өрт шығып, салдарынан 64 адам қаза тапты. Өрт бірнеше кинозал мен балалардың ойын зонасы орналасқан жоғарғы қабаттан шыққан.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның бірнеше себебі белгілі, олардың бірі – жасөспірімдер төртінші қабаттағы "Круча" ойын орталығында поролон текшелерді тұтандырып жіберген соң, өрт шыққан. Бұл жасөспірімдер өрттен аман қалыпты.