САЙЛАУ - 2021: Сайтта сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

0
2 142


САЙЛАУ - 2021: Сайтта сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін ERNUR.KZ ақпараттық порталы баспа алаңын ұсыну мөлшерін жариялайды.

2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 қаулы және “Сайлау туралы” конституциялық заңға сәйкес, сайлауға қатысатын саяси партияларға ERNUR.KZ (меншік иесі – «ERNUR-press» ЖШС) порталында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға мүмкіндік беретінін хабарлайды.


Үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін үміткер партия немесе оның сенімді өкілі порталға жазбаша өтініш бағыттауға тиіс. Келісімшарт жасауға мына құжаттар талап етіледі:

  • Партиялық тізімді ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
  • Үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзімі;
  • Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;
  • Дайын үгіт-насихат материалы берілген жағдайда, мәтіннің қағазға шығарылған нұсқасында сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
  • Өтініш беруші саяси партияның сенімді өкілінің жеке куәлігі де қоса ұсынылады.


Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.

Мәжіліске үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар болатын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы