САЙЛАУ: Салтанат Тұрсынбекова жалғызбасты аналармен кездесті

0
417

Кандидат толық емес отбасылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді айтты.


САЙЛАУ: Салтанат Тұрсынбекова жалғызбасты аналармен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді.


«Бұл - ауқымды және өте қатерлі проблема. Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс», – деді Салтанат Тұрсынбекова.


Құқық қорғаушы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды атады.


«2021 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлемегені үшін 300-ден астам борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жартысы нақты мерзімдерін алды. Ал алты мыңнан астам борышкерге әкімшілік жауапкершілік жүктелді», - деді ол.


Бұл ретте қарыздың жалпы сомасы жүздеген миллиард теңгені құраса, сот орындаушылар жүздеген мың істерді жүргізіп жатыр.


Сондай-ақ, кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі басты мәселелердің бірі – бүгінгі күні борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйене отырып айқындалады.


Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова толық емес отбасыларды қолдау тақырыбын көптен бері көтеріп келеді. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында толық емес отбасылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді, сондай-ақ отбасының нақты қиын жағдайына байланысты тұрғын үйді әділ таңдау және бөлу механизмін әзірлеуді ұсынады.