Сайлаудың қорытындысы шықты: ОСК кімнің жеңіске жеткенін жариялады

0
1 061

Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады.


Сайлаудың қорытындысы шықты: ОСК кімнің жеңіске жеткенін жариялады

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,76%;
  • Әміржан Қосанов - 16,02%;
  • Дания Еспаева - 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;
  • Амангелді Таспихов - 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел - 0,92%.

Exit poll нәтижесі

9 маусымда өткен президент сайлауынан кейін Exit-poll нәтижесі жарияланып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпшілік дауыспен жеңіске жеткені белгілі болды.

"Қоғамдық пікір" институты жүргізген сауалнама нәтижесі Тоқаевтың 70,13% дауыс жинағанын көрсетті. Сайлаушылардың 15,39%-і Әміржан Қосановқа, 5,32%-і Дания Еспаеваға, 3,86%-і Жамбыл Ахметбековке, 3,03%-і Төлеутай Рақымбековке, 1,41%-і Амангелді Таспиховқа, ал 0,86%-і Сәді-Бек Түгелге дауыс берген.

Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 69,94% дауыс жинады. Әміржан Қосанов – 14,96%, Дания Еспаева – 4,78%, Жамбыл Ахметбеков – 3,06%, , Төлейтау Рахимбеков – 2,71%, Амангелді Таспихов – 2,63%, Түгел Сәдібек – 1,92% дауыс жинады.

Дауыс беруге қанша қазақстандық қатысты

9 маусым күні елорда уақытымен 20:00-де еліміздің басым аумағында сайлау учаскелері жабылды. Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері астана уақытымен 21:00-де жұмысын аяқтады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметіне сәйкес, сайлаушылардың 77,4 проценті дауыс берген.

Дауыс беруге келген сайлаушылар саны жағынан өңірлер арасында Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9% көш бастады.

Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 95,22%-і жасаған.