Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді – ОСК

0
1 301

25 мамырдан әрбір сайлаушы өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.


Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді – ОСК

ERNUR.KZ. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

– Азаматтардың тіркелген жерлерінде жасақталған сайлау учаскелерінен әкімдердің қолы қойылған 11 947 995 сайлаушының тізімі берілді, деді баспасөз жиынында Петров.

Оның сөзінше, 25 мамырдан бастап бұл тізімдермен әрбір сайлаушы таныса алады, әркім өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.

– Азаматтар келіп жатса, бұл тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Тізімде жоқтар сайлау күніне дейін өздерін тізімге қостыра алады, – деп нақтылады ОСК төрағасының орынбасары.

Ал шетелдегі дауыс берушілер тізімі сайлау күні жақындағанда жасалады.

– Шетелдегілер үшін сайлаушылар тізімі сайлауға бес күн қалғанда жасалады. Шет елдерде 560 участок бар, ондағы тізімдер әлі жасалмады, – деді Петров.