Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды

0
3 153

Төрешілер бірден шешім шығара алмады.


Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионынан ұтылып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Иорданияда өтіп жатқан додада Бибосынов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездесті.
Төрешілер бірден шешім шығара алмады. Себебі екі боксшы да тең өнер көрсетті. Соңында Дусматов жеңімпаз деп танылды.
Айта кетері, өзбек боксшысы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, ал Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған.

Былтыр Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов Хасанбойды жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.