Сахнада туды қорлаған әнші Shiza ауқымды фестивальден шеттетілді

0
1 717

Мұндай шешімді фестиваль ұйымдастырушылары қабылдап отыр.


Сахнада туды қорлаған әнші Shiza ауқымды фестивальден шеттетілді

ERNUR.KZ. Алматыда өткен концертте туды қорлап, көптің ашуын тудырған Shiza лақап атымен танылған әнші Асхат Жолшиев 11 маусымда өтетін музыкалық фестивальден шеттетілді, деп жазады exk.kz.

Мұндай шешімді фестиваль ұйымдастырушылары қабылдап отыр.
"Соңғы оқиғаға байланысты, Shiza Beu fest шарасына қатыстырылмайтын болды. Әрине, біз отандық музыканттарды әрқашан қолдаймыз. Дегенмен назар аудармай өтуге болмайтын жайттар да бар", - деп мәлімдеді фестиваль ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, beu.fest — қазақстандық заманауи музыканың алғашқы ауқымды фестивалі. Іс-шара 11 маусымда Алматыда өтеді. Онда Ninety one, Молданазар, Калифарния, Райым сынды әншілер өнер көрсетеді.