Салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды

0
1 184

Талғар аудандық сотының қаулысына сәйкес, әйел кінәлі деп табылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды


Салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Талғар ауданының тұрғыны 589 мың теңге салық төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. Ведомстводағылардың мәліметінше, 2017 жылдың басынан бері әйел 589 мың теңге көлемінде салық төлемеген. Мемлекеттік кіріс органдары қабылдаған шараларға қарамастан, ол қарызын төлеуге асықпаған. Сол жылдың тамызында Талғар аудандық соты салық төлету үшін істі сот орындаушысына жіберген.

"Алайда азаматша сот бұйрығын, сондай-ақ жеке сот орындаушысының заңды талаптарын орындауға асықпады. Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін алта ай өтсе де нәтиже болмады. Осы факт бойынша Талғар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы прокуратурамен бірге және жеке сот орындаушысы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішін жазды", - деді Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері.

Талғар аудандық сотының қаулысына сәйкес, әйел кінәлі деп табылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Әрине, бұл ең шектік шара, ол салық мiндеттемелерiн орындаудан бас тартқан адамдарға қолданылады. Талғар ауданы бойынша осындай тағы екi қылмыстық iс қозғалды. Салық мiндеттемелерiн орындау - Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті", - деп еске салды ведомстводағылар.

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы, сотқа жеткізбей-ақ орындауды сұрайды.