"Самұрық-Қазына" қоры банк құпиясын мемлекеттік аудит органдарына ашады

0
729

Берік Уәли Президент "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдар күтетінін хабарлаған болатын.


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға келісім алу ережесін қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

"Осы қағидаларға сәйкес қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпияны ашуы тиіс. Бұл "түпкілікті алушыға дейін" қағидаты бойынша жүргізілетін мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін осындай шешімдерді "Зерде" АҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ холдингтері де қабылдаған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдар күтетінін хабарлаған болатын.