«Самұрық-Қазынаның» 10,1 трлн теңге қарызы бар

0
503

2021 жылға арналған сыртқы қарызының шекті сомасы 16,9 млрд доллар болып белгілген.


«Самұрық-Қазынаның» 10,1 трлн теңге қарызы бар

ERNUR.KZ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ тобының борышы 10,1 трлн теңгені немесе 23,4 млрд АҚШ доллары, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 5,9 трлн теңге немесе 13,9 млрд доллар сыртқы қарыз екен. Бұл ұлттық компанияның жалпы қарызының 59%-ы.

Қарыздың қалған бөлігі 4,1 трлн теңге немесе 9,7 млрд доллар (41%) ішкі қарызға тиесілі. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрамына кіретін «ҚазМұнайГаз», ҚТЖ, «QazaqGaz», «Біріккен химиялық компания» ЖШС сынды еншілес компаниялардың қарызы жалпы берешектің 91%-ын құрайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қор тұрақты негізде борыш жүктемесін азайтқан. 2018 жылдан бастап жалпы қарызды 21%-ға яғни, 29,8 млрд доллардан 23,4 млрд долларға дейін төмендеткен.