"Санитарға бағынбай қашып кетті": Маңғыстау облыстық ауруханасында ер адам өзіне қол салды

0
839

983 жылы туған адам өзіне қол салды.


ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық ауруханасында бір адам өзіне қол салды, деп жазады Stan.kz.

Ер адам облыстық аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кетті. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға туралы толық мәлімет берді.

Оқиға 15 маусымда болған. 1983 жылы туған адам өзіне қол салды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 10.00 шамасында Маңғыстау облыстық ауруханасына келген науқас басының ауыратынын, сондай-ақ екі жамбасының жарақаттанғанын айтады. Тексеру кезінде науқастың жалпы жағдайы тұрақты болды. Ол есін білетн күйде еді. Дәрігерлердің сұрақтарына дұрыс жауап берді.

"Жамбасында жарақат болған. Қызметтік травматолог және хирург жарақаттардың алғашқы хирургиялық емін жасады. Содан кейін науқас анализ алу үшін "сары аймаққа" жіберілді. Бұдан кейін медбикенің сүйемелдеуімен науқас 6-қабаттағы краниографияға жіберілді. Кезекші қызметкердің айтуы бойынша, науқас оның қарауынан қашып, 6-қабаттағы бөлмелердің біріне кеткен. Аурухана қызметкерлері науқасты аурухана ішінен іздеп таппады. Оқиға полицияға хабарланды", - деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Сағат 14.00-де аурухананың ауласында науқастың мәйіті табылды.

"Адамның мәйіті табылған соң, біз оны полицияға тағы да хабарлағанбыз. Оқиғаның себептері полициямен анықталады", - деп атап өтті ведомствода.

Бұл факт"Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша Ақтау полиция бөлімінде тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот сараптамасын тағайындады.