​Сантехник киімін киген бомж зейнеткерді тонап кетті

0
1 115

Ұры жуынатын бөлмедегі құбырды тексеруге келген.


​Сантехник киімін киген бомж зейнеткерді тонап кетті

ERNUR.KZ. 22 қаңтар күні зейнеткер полицияға өзін сантехниктің тонап кеткені туралы арыз жазған. Жуынатын бөлмедегі құбырды тексерген ол оны ауыстыру керектігін айтқан, деп жазады sn.kz.

Сөйтіп затты өзі сатып әкелемін деп зейнеткерден 15 мың теңге алып кетеді.

«Жедел іздестіру барысында Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да сотталған. Күдікті өзінің сантехник емес екенін айтып, кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның тұрғылықты мекен-жайы жоқ екені анықталды», - дейді Қостанай Полиция басқармасының криминалды бөлімі басшысының орынбасары Ахтан Макеев.

Полиция күдікті осыған ұқсас басқа да қылмыс жасауы мүмкін деген болжам жасады. Олар тұрғындарға пәтерге келген белгісіз сантехникке есік ашпауды ескертті.