​Сапарбаев: Жәрдемақыны есептегенде сиырдан түсетін табысты есепке алмауы мүмкін

0
1 407

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамаға сәйкес, әкімдіктер жалпы кірісті есептегенде қосалқы шаруашылықтың табысын ескермеуге құқылы.


​Сапарбаев: Жәрдемақыны есептегенде сиырдан түсетін табысты есепке алмауы мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыл тұрғындарына әлеуметтік жеңілдіктер беру кезінде жеке қосымша шаруашылық табысы ескерілмейді, деп жазады Stan.kz.

«Егер бір үйде үш немесе төрт отбасы тұратын болса, онда әрбір отбасының жаңа ережелерге сәйкес табысы есепке алынады. Өткен жылы жиынтық табысты есептегенде қосалқы шаруашылық есепке алынды, жалпы кірісті есептеген кезде қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті есептемеген жөн», - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкіметтік сағатта.

Бұған дейін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов бұл мәселе жөнінде сұрақ қойған еді.

«Мысалы, сиыр бар, оны асырау керек, шөп сатып алу керек, жалпы табысты есептегенде, қосалқы шаруашылықты ескеру керек пе?». - деп сұрады депутат.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамаға сәйкес, әкімдіктер жалпы кірісті есептегенде қосалқы шаруашылықтың табысын ескермеуге құқылы.