Сәтпаевта қала ортасында атыс шығарған бес күдікті ұсталды

0
269

Атыс қаруының иелері тексерілді.


Сәтпаевта қала ортасында атыс шығарған бес күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. 8 қазанда Сәтпаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ІІМ-де жедел-тергеу тобы құрылып, өңірге практикалық көмек көрсету үшін арнайы жіберілді, деп жазады sputnik.kz.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді.
Сонымен қатар қалада “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды.
Атыс қаруының иелері тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықталды.