Сәтпаевте жанармай бекетінде көпбалалы ананы балталап кетті

0
1 255

Марқұмның артында бес баласы қалды.


Сәтпаевте жанармай бекетінде көпбалалы ананы балталап кетті

ERNUR.KZ. Сәтпаевте 16 мамыр күні таңертең әйелдің өлі денесі табылды, деп жазады Zakon.kz.

Редакцияға белгілі болғандай, 1993 жылғы әйел жанармай бекетінде кассир болып жұмыс істеген. Оның қанға малынған денесін бекетке келген клиенттердің бірі тапты. Әйелдің маңдайында тілінген-шабылған ашық жарақаттар болды.

Марқұмның артында бес баласы қалды (5-15 жаста). Кейбір дерек бойынша, кассада 20 мың теңге болған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

– 16 мамырда Сәтпаев қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде кісі қолынан қаза тапқан 37 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Жезқазған қаласының тұрғыны. Факт бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі – "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәжірибелі қызметкерлерден жасақталған топ қылмыскерді іздестіріп, істі тергеуге кірісті, – деп хабарлады полиция