«Сбербанк Қазақстан» атауы «Береке банк» болып өзгереді

0
644

Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты.


«Сбербанк Қазақстан» атауы «Береке банк» болып өзгереді

ERNUR.KZ. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Сбербанк Қазақстан» ребрендинг жасалған соң «Береке банк» атауын алатынын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ребрендинг міндетті түрде жүргізіледі. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.

«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Бұл қазақтың бір-біріне тілейтін ең жақсы сөзі. Сондықтан бұл банк бұған дейін көрсете білген құндылықтарды дамытып, өз міндеттемесін атқара береді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін», - деді Қанат Шарлапаев.

Айта кетсек, 2 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Сбердің еншілес банкінің барлық акциясрын сатып алу бойынша мәмілені аяқтаған болатын.

«Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық тиісті реттеушілік мақұлдаудан өтті», – делінген болатын.