Семейде бөренеден ұстанып, суда ағып бара жатқан ер адам құтқарылды

0
521

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.


Семейде бөренеден ұстанып, суда ағып бара жатқан ер адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Семейде бөренеге ұстанып суда ағып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп жазады Tengrinews.kz.

28 мамырда кешке 102 арнасына Ертіс өзені бойында ер адам бөренеге ұстанып, судан шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Бұл хабарлама жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлеріне жеткізілді. Ескі көпірді тексеріп жүргенде олар "жаңа аспалы көпірге" қарай ағып бара жатқан адамды байқаған.

Экипаждың үйлесімді әрекетінің арқасында суға батып бара жатқан ер адам жағаға шығарылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін дәрігерлерге жіберілді.