Семейде екі күнде 11 адамды үсік шалды

0
2 096

Полиция басқармасы қала тұрғындарын аяз кезінде көшеге шықпауды, балалар мен қарттарға көңіл бөлуді, сондай-ақ көлікпен елдімекендердің сыртына шықпауды сұрайды.


Семейде екі күнде 11 адамды үсік шалды

ERNUR.KZ. Семей қаласында 40 градус аяз болып тұр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, соңғы екі күннің ішінде қаланың медициналық мекемелеріне дененің түрлі бөліктерінің үсік шалуы диагнозымен 11 адам түскен. Бүгін, 3 қаңтарда Семей қаласында ауаның температурасын -40 градусқа дейін төмендеді», - деп жазылған хабарламада.

Полиция басқармасы қала тұрғындарын аяз кезінде көшеге шықпауды, балалар мен қарттарға көңіл бөлуді, сондай-ақ көлікпен елдімекендердің сыртына шықпауды сұрайды.