​Семейде Наурыз мерекесінде 5 мың бауырсақ тегін таратылды

0
2 633

Мереке барысында қала тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, 5 мыңға жуық бауырсақ тегін таратылды. Үлкен көлемдегі ұлттық қазақ тағамын 150 әже әзірлеген.


​Семейде Наурыз мерекесінде 5 мың бауырсақ тегін таратылды

ERNUR.KZ. Семей халқы Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті. Мерекелік іс-шаралар қаланың бес бірдей алаңында өтіп, 20-ға жуық киіз үй орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат .

Мереке көркем ұжымдар дайындаған мерекелік концертпен басталды. Өнер ұжымдары өздерініңқазақ халқының салт-дәстүрлеріне негізделген қойылымдарын көрсетті. Қала тұрғындары қойылым барысында бүркітшілер мен аңшылардың өнерін де тамашалай алды.

Мереке барысында қала тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, 5 мыңға жуық бауырсақ тегін таратылды. Үлкен көлемдегі ұлттық қазақ тағамын 150 әже әзірлеген.

«Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!. Дана халқымыз бұл күні бір-біріне амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан. Жаңа күн елімізге тек жақсылық әкелсін», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.