Семейде нөсер дауылға ұласып, аурухананың шатыры қирады

0
642

Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен.


Семейде нөсер дауылға ұласып, аурухананың шатыры қирады

ERNUR.KZ. Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақтың соңы дауылға ұласып, жұртты әуре- сарсаңға салды. 20 минут жауған жауын бірқатар көшені суға толтырып, көлік қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен. Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған. Тіпті кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға соқты. Қазір қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғыш техникалары селмен күресуде. Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген.

- Ауа-райының құбылуынан Семейдің кейбір көшелерін су басты. Лесная, Засядка көшелерінің бойында талдардың құлағаны туралы оқиға тіркелді. Және де қаладағы №2 қалалық аурухананың шатыры ұшқаны туралы ақпарат келіп түсті, - дейді Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Думан Икенов.