Семейде шығарылатын автобустарды Моңғолия сатып алуы мүмкін

0
840

Егер тараптар келіссе, Ұлан-Батор жолдарымен 300 автобус жүретін болады.


Семейде шығарылатын автобустарды Моңғолия сатып алуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ұлан-Батыр әкімшілігі Семей өндірісінің автобустарын сатып алуға мүдделі. Қала әкімімен өткен кездесуде айтылғандай, жақында Семейдің автобустары көрші мемлекетке экспортталуы мүмкін, деп жазады Алтайньюс.

Күн сайын Моңғолия астанасында 900-ден астам автобус халыққа қызмет көрсетеді екен. Биыл Ресей, Қытай және Беларусь өндірісінің 1200 бірлігін құрайтын автобус паркін жаңарту қажеттілігі туындады.

Ұлан-Батор әкімшілігі мен бизнес-қауымдастық өкілдері Қытай, Корея және Еуропаға барып, автобустардың өндірісі мен техникалық сипаттамаларымен танысқан. Ұлан-Батырдың климаттық жағдайы біздің қаламен сәйкес келгендіктен автобустар арнайы таңдалған.

Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, егер тараптар келіссе, Ұлан-Батор жолдарымен қаламыздың 300 автобусы жүретін болады.