Семейдің қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

0
1 423

16 желтоқсанда жерлестері Ұлы Даланың бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жасқа толатынын хабарлады.


Семейдің қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

ERNUR.KZ. Семейде қалалық мәдениет үйіне Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Тәуелсіздік күніне орай жаңа көп функциялы мәдени-спорттық кешенде үлкен концерт өтті. Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, 16 желтоқсанда жерлестері Ұлы Даланың бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жасқа толатынын хабарлады.

«Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ЮНЕСКО-да ХХ ғасырдағы ғасырдың көрнекті 20 әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Бибігүл Ахметқызына құрмет көрсете отырып, біз Семей жерінің шын мәнінде киелі екенін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бізде мақтанатын дүниелер бар!», - деді өзінің құттықтау сөзінде Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар, әкім Семейдегі қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімін беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтты.

«Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Амандық, барлық істеріңізге сәттілік және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!», - деп сөзін қорытындылады қала басшысы.

Салтанатты жиын барысында мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындарына марапаттар табысталды.