Семейде су тасқынына байланысты 97 адам көшірілді

0
894

Құтқарушылардың дер кезінде шара қолдануынан Семейдің Полковничий аралындағы 97 адам эвакуцияланды,-деп хабарлайды 24.kz.


Семейде су тасқынына байланысты 97 адам көшірілді

фото: 24.kz

Құтқарушылардың дер кезінде шара қолдануынан Семейдің Полковничий аралындағы 97 адам эвакуцияланды,-деп хабарлайды 24.kz.

Тұрғындар 2 қонаққүйге орналастырылды. Екі адам көшуден бас тартқан. Айта кетейік, таңертең Ертіс өзеніндегі судың деңгейі көтерілген болатын. Осыған орай қазір жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімдерінің барлық күштері «Қыран ұясы» және «Биологиялық орталыққа» дейінгі жолдың бойында жұмыстар жүргізуде. Шараға 10 техника мен 35 адам жұмылдырылған. Қалалық Төтенше жағдайлар қызметкерлері «Восточный» елді мекеніндегі жергілікті тұрғындардың жағдайын бақылап, оларға су тасқыны бола қалған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп жатыр. Ұрлық, тонау сияқты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция бөлімше қызметкерлері кезекшілікке шығуда.