Сенат депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижесі белгілі болды

0
464

Сайланған 20 сенатордың үшеуі – әйел адам, ал 17-сі – ер адам.


Сенат депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижесі белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың арасында төртеуі ҚР Парламентінің депутаты, бесеуі – облыстық мәслихат хатшылары, төртеуі – облыс әкімдерінің орынбасарлары. Сонымен қатар 2 аудан әкімі, 2 мемлекеттік орган қызметкерлері, 1 оқу мекемесінің басшысы, 1 облыстық басқарма басшысы және 1 акционерлік қоғам өкілі де бар.
ОСК ұсынған мәліметтерге сәйкес, келесі азаматтар ең көп дауыс жинады:
  • Абай облысы: Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – Семей қаласындағы құрылыс колледжінің директоры
  • Ақмола облысы: Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы – Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы
  • Ақтөбе облысы: Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы – Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
  • Алматы облысы: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • Атырау облысы: Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы – Атырау облыстық мәслихатының хатшысы
  • БҚО: Өтеғұлов Арман Кәрімұлы – БҚО әкімінің бірінші орынбасары
  • Жамбыл облысы: Арубаев Сәкен Қаланұлы – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі
  • Жетісу облысы: Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • Қарағанды облысы: Өтешов Серік Балғатайұлы – Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы
  • Қостанай облысы: Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы – "Қостанай облысы әкімініңнің аппараты" ММ бірінші орынбасары
  • Қызылорда облысы: Рүстемов Руслан Рүстемұлы – Қызылорда облысы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы
  • Маңғыстау обылсы: Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы – Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары
  • Павлодар облысы: Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы – Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы
  • СҚО: Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрайымы
  • Түркістан облысы: Қадырбек Мұрат Болатұлы – Жетісай ауданының әкімі
  • Ұлытау облысы: Медебаев Советбек Тұрсынұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
  • ШҚО: Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы – ШҚО әкімінің орынбасары
  • Астана қаласы: Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі
  • Алматы қаласы: Асанова Жанна Бейсентайқызы – "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі
  • Шымкент қаласы: Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты
Бұдан басқа Астана қаласынан шығып қалған ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына сайлау өткізіліп, Сенат депутаты болып депутаттық өкілеттігі тоқтаған Андрей Лукин сайланды.