Сенат қайтыс болған депутаттың өкілеттігін тоқтатты

0
595

Ол 45 жасында кенеттен қайтыс болған еді.


Сенат қайтыс болған депутаттың өкілеттігін тоқтатты

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында Гүлмира Кәрімованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Өздеріңізге белгілі, өткен аптада әріптесіміз Гүлмира Райынбекқызы кенеттен қайтыс болды. Гүлмира Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысында жауапты қызметтер атқарып, өңірдің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Оқу-ағарту министрлігінде еңбек етіп, отандық білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосты. Таяуда ғана сенатор болып сайланған әріптесіміз, шын мәнінде, білікті маман еді. Ең алдымен, әріптесіміздің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Заңға сәйкес, Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда, оның өкілеттігі тоқтатылады.

Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыным енгізген. Конституциялық нормаларға сәйкес, Сенат бұл мәселеге сәйкес Қаулы қабылдауы керек.

Депутаттар дауыс беру арқылы қайтыс болған сенатордың өкілеттігін тоқтатты.