Сенат үш жылдық бюджетке түзетулерді қабылдады

0
1 234

Бюджет шығыстары сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, жергілікті маңызы бар 950 шақырым жолды жөндеуге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізуге, агроөнеркәсіп кешені мен аграрлық ғылымдарды дамытуға және кибер қауіпсіздікке қарсы іс-қимылға да қарастырылып отыр.


Сенат үш жылдық бюджетке түзетулерді қабылдады

фото: parlam.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, онда «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға түзетулер қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет көрсеткіштері нақтыланған болжамын депутаттардың назарына ұсынды. Министрдің айтуынша, 2018 жылы номиналды Ішкі жалпы өнім 57,2 триллион теңге көлемінде болжанған және ол бұрынғы көрсеткіштен 1,3 триллион теңгеге артық. Нақты Ішкі жалпы өнім 3,8 пайыз деңгейінде болады деп жоспарланып отыр. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 9 215,4 долларға дейін ұлғаюы тиіс. Мұнайдың әлемдік бағаларының ұлғаюын және экономиканың өсімін ескере отырып, экспорт 54 миллиард долларға дейін, ал импорт 34 миллиард долларға дейін артады. Инфляция бекітілген 5,0-7,0 пайыз дәлізінде сақталады. Т.Сүлейменов түзетілген 2018 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің нақтыланған болжамын да айтты. Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5,7 триллион теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспарға қарағанда 190 миллиард теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бұрын бекітілген мөлшерде (2,6 триллион теңге)сақталды. Бюджет тапшылығы Ішкі жалпы өнімге қатысты 1,5 пайызды құрайды. Республикалық бюджет шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 425 миллиард теңгеге ұлғайып, 9,6 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов нақтыланған бюджет қосымша түсімдердің, 2017 жылғы кірістер жөніндегі жоспарды асыра орындаудың нәтижесінде бюджет қаржысы қалдықтарын тартудың, сондай-ақ қарыз құнды қағаздарын шығарудың есебінен жүзеге асатынын хабарлады. Соның нәтижесінде бекітілген бюджеттің жалпы шығыстары 425 миллиард теңгеге (бұрын бекітілген деңгейден 4,6 пайызға) немесе түзетілген бюджеттен 417 миллиард теңге ұлғаяды. Б.Сұлтанов бұл қаржыны үш бағыт бойынша бөлу жоспарланып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларын іске асыруға 293 миллиард теңге, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыруға 25,1 миллиард теңге, бұрын қабылданған міндеттемелерді іске асыруға 98,9 миллиард теңге жіберіледі. Қосымша қаржыландырылатын маңызды шаралар ішінде министр Назарбаев университеті оқытушыларының еңбекақысын 30-дан 50 пайыз аралығы көлемінде ұлғайтуды, осы оқу орнын одан әрі дамытуды және мүгедек балалар 18 жасқа толғаннан кейін де күтіп-бағатын адамдарға жаңа жәрдемақы беруді атады.

Бюджет шығыстары сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, жергілікті маңызы бар 950 шақырым жолды жөндеуге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізуге, агроөнеркәсіп кешені мен аграрлық ғылымдарды дамытуға және кибер қауіпсіздікке қарсы іс-қимылға да қарастырылып отыр. Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында білім беру тапсырыстарын 20 мың грантқа ұлғайту, техникалық және аграрлық мамандықтар бойынша гранттар құнын арттыру, бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау салалары қаржыландырылатын болады.

Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев сенаторларды Ұлттық банкінің ақша-несие саясатындағы маңызды мәселелер туралы хабардар етті. Баяндамашы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны белгіленген аралықта ұстап тұру Ұлттық Банктің негізгі басымдығы екенін атап өтті. Инфляция 2018 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1,8 пайыз болды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі деңгейден (2,3 пайыз) төмен. Жылдық көрсеткіш бойынша наурызда оның деңгейі 6,6 пайыз болды, ол 2018 жылға белгіленген 5-7 пайыз дәлізінесәйкес келеді. Инфляцияның төмендеуі ақша-несие саясатының жұмсаруына ықпал етті. Жыл басынан бері базалық мөлшерлеме 10,25 пайыздан 9,5 пайызға дейін екі рет төмендетілді.

Баяндама жасаған Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сената Ольга Перепечина 2018 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының нақтыланған көлемі9 642,9 триллион теңгені құрағанын, бекітілген бюджеттен 425 миллиард теңге ұлғайғанын атап өтті. Бұл қаржы Президенттің Жолдауларын, бес әлеуметтік бастаманы және бұрынғы қабылданған міндеттемелер мен тапсырмаларды іске асыруға арналатыны айтылды.

Сенатор сондай-ақ Елбасының тапсырмалары мен бес әлеуметтік бастаманы іске асыру үшін бюджетті нақтылаумен қатар 29,3 миллиард теңге сомасындағы қаржыны қайта бөлу көзделіп отырғанын айта келіп, бюджетті жоспарлаудағы алғашқы кезеңінің сапасы төмен болғанына және осындай жағдай жүйелі сипат ала бастағанына тоқталды. Сонымен қатар негізгі үш жылдық бюджеттің сапасыз жоспарлануға байланысты бұрынғы кемшіліктері қоса түзетілгені атап өтілді. Депутаттың пікірінше, қалыптасқан жағдайға басты себептердің бірі –бюджетті жоспарлаудың стратегиялық жоспарлаудан асып түсуі болып табылады. Яғни, шектеулі қаражат жеткіліксіз болғанда, мемлекеттік органдар өздерінің стратегиялық жоспарларын түзете бастайды, көрсеткіштерді қаржыландыруға сәйкестендіреді.

Сенатор бюджеттің шығыс бағыттарының басымдықтарын айқындау үшін тиісті талдаудың жоқтығы бірінші кезектегі міндеттерді жүзеге асыруға арналған күш-жігер мен ресурстарды біріктіріп жұмсаудың тиімділігі азаятынына, яғни ресурстардың әр салаға тарап кетуі қаупі бар екеніне тоқталды.