Сенатор ашаршылыққа құқықтық саяси баға беруді талап етті

0
1 416

Қолдан жасалған ашаршылық тек жыл сайын еске алумен ғана шектелетін науқандық шара емес. Ол ел тарихындағы түйіні тарқатылмаған қара дақ.


Сенатор ашаршылыққа құқықтық саяси баға беруді талап етті

фото parlam.kz

Бүгінгі өткен Сенат отырысында XX ғасырдағы қазақ халқына жасалған нәубет туралы сөз болған. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз хатшысы Әділбек Қаба әлеуметтік желіде жазды.

20 ғасырда қазақ басынан өткерген ең ауыр қасірет туралы түрлі деректер келтірген Әділбек Қаба:

"Қолдан жасалған ашаршылық тек жыл сайын еске алумен ғана шектелетін науқандық шара емес. Ол ел тарихындағы түйіні тарқатылмаған қара дақ. Ашаршылықты кей саясатшылар ұлқа арнайы жасалған геноцид ретінде баға беруде. Қалай болғанда да қазақ халқының тең жартысынан астамының өмірін үзген қасіретке лайықты саяси бағасы берілуге тиіс" деп жазады.