Сенатор үкіметке азық-түлік қымбаттамауы үшін не істеу керектігін айтты

0
335

Дүйсенғазы Мусин үкіметке көтерме-бөлшек сауда орталықтарының құрылысын қолдауды ұсынды


Сенатор үкіметке азық-түлік қымбаттамауы үшін не істеу керектігін айтты

ERNUR.KZ. Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин үкіметке азық-түлік бағасын ұстап тұруға көмектесетін бірқатар шараны ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Соңғы жылдары қоғамда азық-түлік бағасына қатысты сын-пікір көбейіп, тиісті министрліктерге ұсыныстар мен сауалдар жолдануда. Дегенмен ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктері тарапынан қабылданып жатқан шаралар халықтың азық-түлік тауарларына физикалық және экономикалық қолжетімділігін толығымен қамтамасыз ете алмай отыр. Оны реттеу әлі де жүйелі және үйлесімді іс-шараларды талап етеді", - деді сенатор премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.

Осыған байланысты Дүйсенғазы Мусин үкіметке көтерме-бөлшек сауда орталықтарының құрылысын қолдауды ұсынды. Бұл бірінші кезекте қажет тауарлардың бағасын өсірмей ұстап тұруға ықпал етеді.

"Көтерме-тарату орталықтарының мәртебесі және оның қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, оларға бастапқы кезде мемлекеттік қолдау шараларын белгілеу маңызды. Осыған байланысты көтерме-тарату орталығының ғимаратын салу және жабдықтарын сатып алу құнының 25 пайызына инвестициялық салымдарды өтеуді субсидиялауды бекіту қажет. Сондай-ақ мұндай орталықтардың өндірістік инфрақұрылым мәселелеріне де ерекше назар аударған жөн", - деді депутат.

Сондай-ақ ол үкімет делдалдарды бақылап, азық-түлік бағасының бірнеше есе өсуіне жол бермеуі керек деп санайды.