Сенаторлар Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты

0
741

Жұмыс сапары аясында депутаттар шаруа қожалықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарын аралап шықты.


Сенаторлар Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты

ERNUR.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев жұмыс сапары барысында Шу ауданында болды, деп жазады baq.kz.

«Депутаттар Алға ауылдық округіндегі «М-КАТ GREEN» ЖШС фотоэлектр станциясы мен «Шу-100 МВт инвестициялық жобасының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, сенаторлар жергілікті аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен аудан әкімі аппаратының ғимаратында кездесу өткізді. Жиында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап өтті», - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Одан өзге, жұмыс сапары аясында депутаттар Мойынқұм және Рысқұлов аудандарындағы шаруа қожалықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарын аралап шықты.