Сенатта комитет төрағалары сайланды

0
542

​Бүгін сенаттың бүгінгі отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді.


Сенатта комитет төрағалары сайланды

ERNUR.KZ. Сенатта комитет төрағалары сайланды, деп жазады sputnik.kz.

Атап айтқанда, Андрей Лукин конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болса, Сұлтанбек Мәкежанов қаржы және бюджет комитетін, Асқар Шәкіров халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін, Сүйіндік Алдашев экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін, Нұртөре Жүсіп әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетін, ал Әли Бектаев аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетін басқарады.