"Сенбегендер, маған қараңыздар!": Коронавирус жұқтырған белгілі кәсіпкер көзіне жас алды

0
1 075

Кәсіпкердің үш күн бойы дене қызуы көтерілген.


Белгілі бизнесмен, блогер, қоғам белсендісі, көптеген қайырымдылық шараларымен ел-жұрттың алғысына бөленіп жүрген Қайрат Құдайберген қазақстандықтарға видео үндеу жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол үш күн бойы дене қызуы көтерілгеннен кейін ПТР-тест тапсырған. Науқастанып қалғанын өзі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Видеода кәсіпкер көзі жасаурап, демігіп, әрең сөйлеп отыр.


"Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада серуендеп жүретін адамдар маған қарасаңыздар болады. Жалпы, мен білмеймін, қайндай ауру екенін, кеше түсте ПТР-тест тапсырдым, нәтижесін ерте келетінін айтты. Температура 38-ден 39,5-ке дейін жетіп жатыр. 3 күннен бері осындай", - деді видеода Қайрат Құдайберген.


Видеодан бизнесменнің дем алуы ауыр, жағдайы шынымен де нашар екенін байқауға болады, сөйлеген кезде де қиналады.


"Туыс-туғандарыңызды сақтай жүріңіздер. Маска киіңіздер, қолғап киіңіздер. Мен білмеймін, бұл індет па, вирус па. Адамдарға көмектесіп жүріп, адамдардың арасында болғанда, қанша қорғанып жүрсекте осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті өздеріңізге қараңыздар. Еліміз осы індеттен тезірек шықсын", - деп көз жасына ерік берді ол.