​Сергек камера қаладағы қылмыс пен жол көлік оқиғаларын едәуір төмендеуіне көмектесті

0
1 324

«Сергек» камерасын орнату және «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру жоспары бойынша орта есеппен алғанда қылмысты 30 пайызға, ал ЖКО – 18 пайызға төмендеген.


​Сергек камера қаладағы қылмыс пен жол көлік оқиғаларын едәуір төмендеуіне көмектесті

Астана әкімі Әсет Исекешев, премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен төтенше оқиғалар орталығына барып, «Сергек» жобасын іске асыру бойынша мәселені талқыға салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі не сілтеме жасап.

Асқар Жұмағалиевқа «Сергек» фото-бейне тіркеу жүйесінің барлық мүмкіндігін таныстырып, "Qamqor" айыппұл төлеу жүйесі мен әкімшілік құқық бұзушылықтың бірегей тіркеуін көрсетіп шықты. «Сергек» камерасын орнату және «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру жоспары бойынша орта есеппен алғанда қылмысты 30 пайызға, ал ЖКО – 18 пайызға төмендеген.

Таныстыру барысында вице-премьер ІІМ-не Бас прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйесін біріктіру процедурасын жеделдетуді тапсырды. Бүгінде камера орнатудың бірінші кезеңі аяқталды. Қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылды. Бүкіл қаланы «Сергек» камерасымен қамту 2018 жылдың 1 маусымына дейін аяқталмақ.