Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы да кейінге шегерілді

0
382

Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.


Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы да кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен екінші рет кейінге шегерілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаровтың айтуынша, Серік Күдебаевтың ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге шегеріліп отыр.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Жуырда Күдебаевтың ұлы Президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.

Айта кетейік, прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.