Шағын және орта бизнес МӘМС қорына жарна төлеуден босатылды

0
597

Басты талап соңғы үш айда кем дегенде бір мәрте жарна аударылуы керек.


Шағын және орта бизнес МӘМС қорына жарна төлеуден босатылды

ERNUR.KZ. Шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылды, деп inbusiness.kz.

Бұл туралы бүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Басты талап соңғы үш айда кем дегенде бір мәрте жарна аударылуы керек. Ал төлем бойынша қарыз үш айдан аспауы тиіс. Жұмысшыларын сақтандыру үшін жұмыс беруші MSB.FMS.KZ сайтына деректерді енгізіп, ай сайын жаңартып отыруға міндетті.

Сондай-ақ жалдамалы жұмысшы өзі де QOLDAU 24/7 мобильді қосымшасы арқылы өтінім бере алады. Нәтижесінде республика бойынша 1 млн-ға жуық азаматқа сақтандыру статусы тағайындалады.