Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде атыс болды

0
2 360

Үш адам ауруханаға жеткізілді.


Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде атыс болды

ERNUR.KZ. Шахтинскідегі кафеде үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде келушілер төбелесіп, салдарынан келушілердің бірі оқ атты. Оқиға видеоға түсіп қалған. Куәгерлер оны әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Видеода бастапқыда бірнеше ер адам қатты ұрсып жатыр. Артынша кадр сыртында қарудың даусы естіліп, әйел адамдар айғайлап, балалар жылай бастаған. Видео авторы да зардап шеккен көрінеді. Бір кезде телефон жерге құлап түседі, алайда түсірілім жалғаса берген.

Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда болған.

"24 қаңтарда Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде келушілер сөзге келісіп қалды. Нәтижесінде 33-53 жас аралығындағы үш келуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады, ол травматикалық қарудан атыс ашқанын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.