Шақыртуға келген медбикені зорлаған ШҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

0
735

​Зорлықшы үш баланың анасын еденге атып ұрып, жастықпен тұншықтырған. Медбике амалын тауып қашып құтылған


Шақыртуға келген медбикені зорлаған ШҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында медицина қызметкерін зорлаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп жазады sputniknews.kz.

Жаза тағайындау кезінде оқиғаның зардап шегуші қызметін атқарғаны және зорлықшының мас болғаны ескерілген.
"Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (өлтіру қатерін төндірумен ұласқан зорлау) ер адамға сот үкімі шықты", —деп хабарлады Бородулихинский аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Медбикеге моральдық шығын ретінде 2,5 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленеді.
"Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шағым түсірілсе, үкімнің заңдылығы апелляциялық инстанцияда тексеріледі", — деді баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында ауылдасы медбикені үйіне шақырған. Ол дәрі (система) егуге келген, алайда 45 жастағы науқас ішімдік ішіп, зорлықшыға айналып шыға келген.
30 жастағы Жанар 10 жылдан бері медбике болып істейді.