Шарын шатқалында голландиялық азамат селфи жасаймын деп көз жұмды

0
1 076

Турист Нидерланды корольдігінің азаматы болған.


Шарын шатқалында голландиялық азамат селфи жасаймын деп көз жұмды

Иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Шарын шатқалында 74 жастағы голландиялық азамат селфи жасаймын деп қайтыс болды. Ол 10 метрлік жардан құлап кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«18 қыркүйекте Алматы облысындағы Шарын шатқалы аумағында қайғылы жағдай болды. Суретке түсіру кезінде 10 метр биіктіктегі жардан туристік топтың құрамында болған 1945 жылы туған Нидерланды корольдігінің азаматы құлап кетті. Турист оқиға орнында көз жұмды. Топ құрамында 21 адам болған. Барлығы шетел азаматтары. Туристік топ Көлсай көліне Алматы қаласындағы туристік компанияларының бірімен шыққан», -делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің берген ақпаратында.

Ведомство өкілдері табиғат аясына шыққанда барынша абай болуды ескертеді. Саяхатқа шығатынын жақын туыстарына алдын ала ескертіп қою керек. Және ауа райы қолайсыз кезде сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді. Сондай-ақ, адам жүрмеген жерлерге бармауды ескертеді.