"Шашынан сүйреп, басынан тепкен": Нұр-Сұлтан тұрғынын екі әйел соққының астына алған

0
782

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын бастады.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жол үстінде соққыға жығылыпты, деп жазады Stan.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, оның анасын жолда екі әйел ұрып тастаған. Оқиға 27 қараша күні сағат 14:30 шамасында орын алыпты. Бұл туралы елорда тұрғынын Instagram желісінде жазба қалдырған. Сөзінше, қыздың анасы "Жағалау" тұрғын үй кешенінен көлік айдап келе жатқан.

"Қабанбай батыр даңғылы дейін жолдың көктайғақ екенін біле тұра, анамның көлігінің артынан белгісіз әйел жақын келе жатқан. Бір кезде әлгі әйел бағдаршамға жете бергенде көлігімен анамның жолын кесіп өтіп, жүруіне бөгет жасаған. Анам көліктен түсіп, әйелдің бұл қылығы жайлы сұрамақ болғанда, азаматша есікті кенеттен ашып, анамды теуіп құлатыпты. Артынша жанында болған әйел екеуі менің анамды соққының астына жығып, аямай шашынан сүйреп ұрып тастапты. Анам басын жауып, жерден тұра алмай қалыпты", - деп жазыпты қала тұрғыны.

Қыздың айтуынша, оның анасының үстінен әлгі әйелдерді басқа көлік жүргізушелері арашалап қалыпты. Ал жедел жәрдем қызметін жолда кетіп бара жатқан куәгер шақырған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын бастап кетіпті.

"27 қараша күні болған оқиғаға байланысты қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Арнайы сараптамалар тағайындалды, іс бойынша материалдар сотқа жіберілді", - деді ПД-нің баспасөз-қызметі.

Оқиғамен бөліскен тұрғын куәгерлерден 8-702-384-36-95 нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.