Шекарадағы кептеліс: Қазақстан Қытайға нота жіберді

0
574

​Алайда бұл бірінші жіберілген нота емес.


Шекарадағы кептеліс: Қазақстан Қытайға нота жіберді

ERNUR.KZ. Шекарадағы кептеліске қатысты Қазақстан үкіметі Қытайға нота жіберді, деп жазады inbusiness.kz.

Бір жылда төрт мәртте дипломатиялық хат жолданған. Бұл жайында Индустрия министрлігі хабарлайды. Соның негізінде қараша айында Қытай үкіметімен кездесу өтті. Нәтижесінде бірқатар келісімдер жасалды. Нақтыласақ экспорт-импортты арттыру үшін бұрынғыдай 8 емес, 11 пойыз қатынайтын болды.

Бірақ, мәселе, мұнымен бітті деуге келмес. Егер Қытайда эпидахуал нашарласа, жағдай қайталануы мүмкін. Сондықтан үкіметаралық келіссөздер кепілдік бола алмайды.

"Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы кептеліс бойынша өте өзекті мәселелер қозғалды. Отырыс нәтижесі бойынша автомобиль, теміржол өткізу пунктерін өткізу қабіоеттіліктерін артыру бүгінде оң шешімін тауып отыр",– дейді ҚР ИИДМ Теміржол инфрақұрылымын және жүк көлігі тасымалын дамыту басқармасының басшысы Замира Орынбасарқызы.