Шенеуніктер таксимен жүруге қанша ақша жұмсайтынын айтты

0
1 055

Басқармалардың барлық басшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары таксимен жүреді


Шенеуніктер таксимен жүруге қанша ақша жұмсайтынын айтты

ERNUR.KZ. Астана әкімдігінің өкілдері қалалық әкімшілік қызметкерлерінің таксимен жүруге қанша теңге жұмсайтынын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, қыркүйекте Астана әкімдігінің қызметкерлері қызметтік көліктерден бас тартып, енді таксимен жүретіндерін мәлімдеген еді.

"Басқармалардың барлық басшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары таксимен жүреді. Келісімшартқа сәйкес, такси жүргізушілері шенеуніктерді күтпейді. Олар тапсырыс келген соң 15 минуттан кейін ғана келеді. Әр кезде әр түрлі такси келеді", - деп хабарлады елордалық әкімдік өкілдері.

Ал такси бағасы жалпы қалалық тарифпен есептеледі екен. Орташа есеппен бір сапары үшін мемлекетік қызметкер 800-900 теңге төлейді. Ал құрылыс нысандарына бару керек болса, такси бағасы қымбатырақ болады.