Шенеуніктердің ҚХР-ға жоспарланған іс-сапарларына шектеу қойылды

0
605

Халықаралық іссапарлардан бөлек халықаралық спорттық іс-шаралар да өткізілмейтін болды.


Шенеуніктердің ҚХР-ға жоспарланған іс-сапарларына шектеу қойылды

ERNUR.KZ. "Коронавирусқа байланысты шенеуніктер Қытайға іссапарға бармайтын болды", - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп жазады zakon.kz.

"Халықаралық кең көлемді іс-шаралардың шектелуіне байланысты Үкімет ҚХР-ға жоспарланған демалыс сапарларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапарларын да шектеу туралы шешім қабылдады", - деді Бекшин.

Ол іссапарлардан басқа барлық халықаралық спорттық іс-шаралар, оның ішінде халықаралық теннис турнирі де өткізілмейтін болғанын айтты.