Шенеунік қарамағындағы қызметкерінің бетін тырнағаны үшін айыппұл төлейді

1
1 811

Жәбір көруші бұл айыпқа қанағаттанбай қайта шағым түсіргенімен Ақмола облысы сотының «Азаматтық істер» жөніндегі алқасы өз шешімдерінен қайтпаған. Ал, экс-басшы өзінің қызметтік этикасын сақтағанын, ешқандай қол көтерудің болмағанын айтады.


Шенеунік қарамағындағы қызметкерінің бетін тырнағаны үшін айыппұл төлейді

Ақмола облысының шенеунігі қол астында жұмыс жасайтын бойжеткеннің бетіп тырнағаны үшін 25 мың теңге айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды bnews.kz

Жәбірленуші бұл айыпқа қанағаттанбай қайта шағым түсіргенімен, Ақмола облысы сотының «Азаматтық істер» жөніндегі алқасы алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Ал, экс-басшы өзінің қызметтік этикасын сақтағанын, ешқандай қол көтерудің болмағанын айтады. Сонымен қатар бойжеткенді экспертизадан өткізген мекемеге күмәнмен қарайтынын өзінің де тексеру жүргізетінін жеткізген.

Жәбірленуші мен айыпталушының ісіне әріптестері де қатысып, басшыларының қызмет бабын осы күнге дейін пайдаланбағанын, бойжеткен осы жағдайды әдейі ұйымдастырып, қаржы өндіруді көздеп отырғанын жарыса айтады.

Қалай болғанда да шенеунік Динара Алтаева ҚР Қылмыстық кодекстің 73-1 бабында көрсетілген денсаулыққа жеңіл жарақат салу бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 25 мың теңге айыппұл төлейді.