Шет елде салынған вакциналар Қазақстанда қабылдана ма

0
2 353

Елордада вакцинациялаудың үшінші аптасы аяқталды.


Шет елде салынған вакциналар Қазақстанда қабылдана ма

ERNUR.KZ. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова «Шет елде Pfizer немесе Moderna вакциналары салынса, Қазақстанда қабылдана ма?» деген сұраққа жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны алғаны құжат бойынша расталса, әрине қабылданады. Мұнда қандай вакцина салынғаны маңызды емес – Pfizer немесе басқа да вакциналар мақұлданады», - деп жауап берді Әлия Рүстемова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингіде.


Айта кетейік, елордада вакцинациялаудың үшінші аптасы аяқталды. Вакциналау емханалар, инфекциялық стационарлар, жедел медициналық жәрдем, алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары, көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімдерінің медицина қызметкерлеріне өткізілуде. Тиісті контингент ішінде 6 300 адамның 1 980-і вакцина алды. Олардың арасында асқыну анықталған жоқ.

Екінші компонентпен вакциналау 22 ақпанда басталады. Вакцинация толық курстан кейін бір жарым ай ішінде ағзаның иммундық реакциясын тудырады. Сондықтан вакцина алған адамдарға алдын алу шараларын сақтауды жалғастыру қажет.