«Шет тілінен» халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады

0
1 667

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі


«Шет тілінен» халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады

ERNUR.KZ. Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

«Ағылшын тілі бойынша көп ұсыныстар болды. Магистратураға түсу үшін біздің орталықта ағылшын тілінен тест тапсырады немесе IELTS секілді сертификаттарын тапсырады. Бірнеше жылдан бері мұны бакалаврға қабылдауды ойлап келеміз. Егер таңдау пәні «Ағылшын тілі» болса орталық өткізетін тестілеуді тапсырып қана емес, IELTS сертификатын тапсырып тиісті ұпайын ала береді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Вице-министр шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды қабылдау комиссиясы міндетті түрде базада тексеріп алатынын айтты.

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) өткізіледі.