Шетел азаматтарының лотерея ұйымдастыруына тыйым салу керек - Тоқаев

0
2 530

Мемлекет басшысы лудоманияға, яғни құмар ойындарға тәуелділікке жан-жақты тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.


Шетел азаматтарының лотерея ұйымдастыруына тыйым салу керек - Тоқаев

ERNUR.KZ. Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз. Қазір осындай заңсыз қызмет үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады. Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы лудоманияға, яғни құмар ойындарға тәуелділікке жан-жақты тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.

«Бұл ретте заңнамалық шара қабылдаумен шектеліп қалуға болмайды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатымен тиімді тәсілдер қолдану қажет. Заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту аса маңызды. Осы міндеттерді орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.