Шетелде қалған 444 Қазақстан азаматы елге оралды

0
559

Олардың көпшілігі - Ресейде білім алып жатқан студенттер.


Шетелде қалған 444 Қазақстан азаматы елге оралды

ERNUR.KZ. Шетелде қалған 444 қазақстандық еліне оралды. SCAT әуе компаниясы Мысыр, Чехия, Грузия, Түркия, Үндістан, Польша және Ресей Федерациясынан жолаушыларды жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 мамырда «Мәскеу - Алматы» және «Мәкеу – Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейстер келді. 3 мамырда «Санкт-Петербор – Ақтау – Шымкент» бағытындағы рейстер орындалды. Барлығы 444 қазақстандық Отанына оралды. Олардың көпшілігі - Ресейде білім алып жатқан студенттер», - деді аталған әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

Бұл рейстер Ресейдегі Қазақстан елшілігінің арқасында жүргізілді.

«SCAT ҚР ДСМ мен ДДҰ ұсыныстарын қатаң ұстанады. Әр рейс сайын экипаж салоны мен жолаушылар салоны залалсыздандырылады. Багаж, орындықтар, жиналмалы үстелдер, қауіпсіздік белдіктері, әжетхана бөлмесі арнайы дезинфекциялаудан өтеді», - деді әуе компаниясынан.