Шетелде қиын жағдайда қалған студенттерді жыл бойы қабылдауға дайынбыз – министр

0
331

Қазақстандық студенттер мен қандастар үшін отандық жоғары оқу орындарына қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілді.


Шетелде қиын жағдайда қалған студенттерді жыл бойы қабылдауға дайынбыз – министр

ERNUR.KZ. Енді қазақстандық университеттер шетелде қиын жағдайда қалған отандастарымыз бен қандастарды оқу орнына жыл бойы қабылдай береді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Ол Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыста екенін атап өтті. Қазақстандық студенттер мен қандастар үшін отандық жоғары оқу орындарына қабылдау ережесіне өзгеріс енгізілді. Енді университеттер шетелде қиын жағдайға тап болған студенттерді жыл бойы қабылдайды.
"Біз шетелде, соның ішінде Түркияда оқып жүрген отандастарымызды, қандастарымызды қиын жағдайларда қазақстандық университеттерге қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік. Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстарда ауысу мүмкіндігі болса, енді қиын жағдайда ұшыраса, біздің университтеттер жыл бойы қабылдауға дайын", - деді Саясат Нұрбек үкімет кулуарында.
Бір апта бұрын Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Қаза болғандар саны отыз мыңнан асып кетті. Құрбандар арасында Қазақстанның үш азаматы да бар.