Шетелде жүрген 752 қазақстандық елге қайтарылады

0
583

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 наурыздан бастап шетелдегі 7 702 қазақстандық елге жеткізілген.


Шетелде жүрген 752 қазақстандық елге қайтарылады

ERNUR.KZ. Қазақстан шетелде жүрген жеті жүзден астам азаматты елге әкеледі. Бұл мәселе президенттің ерекше бақылауында, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 наурыздан бастап шетелдегі 7 702 қазақстандық елге жеткізілген.
"Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Мемлекет тағы да 752 азаматты елге әкеледі. Бұл президенттің ерекше бақылауында тұр", - деді Абаев онлайн-брифингте.