Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары төлқұжатын сол елде рәсімдей алады

0
686

Қызмет көрсету мерзімі – 80 күнтізбелік күн.


Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары төлқұжатын сол елде рәсімдей алады

ERNUR.KZ. Шетелде жүргендер қазақстандық төлқұжатты Қазақстанның сол елдегі елшілігінен рәсімдей алады, деп жазады Zakon.kz

Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу немесе ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі Қазақстанның елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:

– өтініш;

– жеке басын куәландыратын құжат:

– төлқұжатты ауыстыру үшін – ҚР азаматының төлқұжаты;

– 16 жасқа толмаған болса – туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;

– өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;

– шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

– консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі 80 күнтізбелік күн.