Шетелдегі 5 мың қазақстандық өз ақшасымен чартерлік рейс арқылы елге оралады

0
684

Бұл іс мемлекет есебінен жүргізілмейді.


Шетелдегі 5 мың қазақстандық өз ақшасымен чартерлік рейс арқылы елге оралады

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелдегі қазақстандықтарды елге қайтару жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

«Біз шетелдегі 5 мыңға тарта отандасымызды елге қайтаруымыз керек. Бүкіл әлемде рейстер айтарлықтай азайып кеткендіктен оларды чартерлік рейспен елге қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл іс мемлекет есебінен жүргізілмейтінін еске саламын», - деді ол.